«Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығы (2025.08.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығы

(2025.08.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.02.07. № 243 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.31.03. № 31 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025.21.10. № 110 бұйрығымен (2025 ж. 8 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 428-1-бабының 1-тармағын және 428-2-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024.21.02. № 4 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса берiліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе);

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қосылған құн салығы есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесiн қалыптастыру қағидалары бекiтілсiн.

2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024.21.02. № 4 бұйрығымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Мыналар:

Тізбенің 63-жолы 2022 жылғы 22 қазаннан бастап қолданылады;

Тізбенің 110-жолы 2022 жылғы 2 сәуірден бастап қолданылады деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.